Қазақстанда бензиннің бағасы тағы шарықтауы мүмкін

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда бензиннің бағасы тағы шарықтауы мүмкін
ашық дереккөз

Шілде айында АИ-92 маркалы бір литр бензин орта есеппен 173 теңгеден сатылған. Маусыммен салыстырғанда, ол 0,9 пайызға жоғары. Өсім алдағы уақытта да жалғасуы мүмкін. Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдиновтің айтуынша, қазір Павлодардағы мұнай өңдеу зауытында АИ-92-нің көтерме бағасы 6-7 теңгеге қымбаттаған. Бір-екі аптада бұл жанармай құю бекеттеріндегі бағаға әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ көрші Ресейде де жанармай бағасы жыл басынан бері 6 пайызға қымбаттапты. Онда АИ-92 маркасы төл ақшамызға шаққанда 270-290 теңге аралығында. Біздің елмен салыстырғанда, 100 теңгедей айырмашылық бар. Бұл шекаралас аймақта жанармай Қазақстаннан Ресейге заңсыз тасымалданып, елде бензин тапшылығын тудыруы мүмкін екен.