«Мысырдан келуі мүмкін»: Жайықта сирек кездесетін құс пайда болды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Мысырдан келуі мүмкін»: Жайықта сирек кездесетін құс пайда болды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107358416934830.webp)
ашық дереккөз
«Табиғат аясына, әсіресе өзен жағасына жиі серуенге шығып тұрамын. Бірақ бұрын мұндай құсты кездестірмеген едім. Бұл жолы Жайық өзенінің сол жағалауынан сары түсті құтанды көрдім. Бастапқыда таңданғаным рас», - дейді Юлия Вахмистрова.
Жергілікті эколог, «Глобус» ҮЕҰ-ның жетекшісі Галина Чернованың айтуынша, бұл – сулы-батпақты жерде жүретін құс.
«Сары түсті құтан Мысырдан келуі мүмкін. Біздің өңірде сирек кездесетін бұл құстың жирен түстес түрі бар. Алайда сары құтанға қарағанда үлкенірек болады», - дейді эколог.
Ұқсас жаңалықтар