Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада үш медаль жеңіп алды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада үш медаль жеңіп алды
ашық дереккөз

Олимпиадаға Ақтөбе, Шымкент және Қызылорда қаласынан төрт оқушы, яғни республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары қатысты. Ұлттық құраманы жарысқа тәжірибелі педагогтер мен жаттықтырушылар дайындады. Зияткерлік сайыстың тапсырмаларын жоғары деңгейде орындаған қазақстандық төрт қатысушының үшеуі жүлдегер атанды. Рустам Валеев алтын медальға, Еркебұлан Тазабек күміс медальға, Ерасыл Сапарбеков қола медальға ие болды. Ұлттық құрама мүшелері оқу-жаттығу кезінде жұмысты жоғары деңгейде жүргізген мұғалімдер мен жаттықтырушыларға алғыс білдірді.

«Осы жылы құрама командамыздың қоржынын медальдармен толтыратынымызға сенімді болдық. Зияткерлік сайысқа біз бар күш-жігерімізді салып дайындалдық. Мұғалімдер мен жаттықтырушылардың арқасында жоғары көрсеткіштерге қол жеткіздік. Бізге әрдайым қолдау көрсететін жаттықтырушыларымызға, мұғалімдеріміз бен ата-аналарымызға алғысымыз шексіз. Біздің халықаралық олимпиадаларға қатысуымыз үшін қыруар жұмыс жүргізетін «Дарын» орталығына алғыс айтамыз», — деді алтын медаль иегері Рустам Валеев.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында олимпиада жүлдегерлерін лайықты жеңіспен құттықтады.

«Олимпиада жүлдегерлерін жоғары нәтижелерімен құттықтаймын! Бұл сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен білімдеріңіздің және өздеріңізге деген сенімділіктің нәтижесі. Сіздерге қолдау көрсеткен мұғалімдер мен жаттықтырушыларға және ата-аналарға алғыс айтамын. Сіздер еліміздің намысын халықаралық деңгейде лайықты қорғадыңыздар. Біз өз тарапымыздан медальдардың саны жыл сайын ұлғаюы үшін жағдай жасауды жалғастырамыз», — деп жазды Асхат Аймағамбетов.