Тұрсынбек Қабатов ҰБТ-ға қызының орнына басқа адамды кіргізген болуы мүмкін
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Тұрсынбек Қабатов ҰБТ-ға қызының орнына басқа адамды кіргізген болуы мүмкін](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107362729358636.webp)
“13 маусым күні Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың орнына тестілеуге ЕҰУ-дың 2-курс студенті, грантта оқып жүрген Сымбат Қанай тест тапсыруға кірген. Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасатқан. Алдында Тұрсынбектің қызы сәуір, мамыр айларында бірнеше рет тест тапсырып, төмен балл (60 балға жетпеген) жинаған. Қызы Астанадағы ең үздік деп танылған мектепті Алтын белгіге бітірген. Тестілеуге кіру барысында барлық тестіленушілер, Тұрсынбектің қызының орнына басқа тұлғаның жалған құжатпен кіргеніне куә болған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды, алайда Тұрсынбектің қызы құтылып кетеді деп отырмыз. Өйткені жалған құжатты дайындаған адамды ғана кінәлі деп танып отыр”, - деп жазды ол.
"Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов ҰБТ-ға 4 түлектің орнына (оның ішінде 1 «Алтын белгі» иегері) 4 студент кіруге тырысқандығын жеткізді. "Мектепті бітірмей қылмыскер болып шықты. Ал бұл пост қалжың емес, өкінішке орай оған да жеттік. ҰБТ 2021-ге +1 қылмыстық іс: ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабының 2-бөлімі (Жалған құжаттарды қолдан жасау) бойынша. ҰБТ-ға кіргізу барысында 4 түлектің орнына (оның ішінде 1 «Алтын белгі» иегері) 4 студент кіруге тырысты. ҰТО директорының м.а. Наужан Әбдісатарқызының Наужан Дидарбекова басшылығымен, Орталықтың кәсіби қызметкерлерінің көрсеткен қырағылығы мен UStudy Kazakhstan, Олжас Кұспеков Biometric заманауи сәйкестендіру технологияларының барында мұндай әрекеттер тіпті орынсыз. Қылмыстық жауапкершілікке елордалық білім беру орталығының өкілдері де тартылатын болады. Өз болашағыңызға балта шаппаңыз!" - деп жазды Д.Смағұлов. Айта кетейік, кеше мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланған болатын.