Нұр-Сұлтанда «Қан тапсыр – өмір сыйла» қайырымдылық акциясы өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда «Қан тапсыр – өмір сыйла» қайырымдылық акциясы өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211531626391588.webp)
Шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы.
Достық үйінің алдына межелі уақыттан бастап елордалық этномәдени орталықтардың өкілдері мен қала тұрғындары келді. Қан тапсырушылар орталық дайындаған барлық талаптарды орындап, донор болды.
«Бұндай қан тапсыру акциясына жыл сайын қатысамын. Жасым 59-да. Жылына бір мәрте донор боламын. Ең алғаш осыдан қырық жыл бұрын туысқанымыздың баласы көлік апатына ұшырағанда қан тапсырдым. Содан бастап адам өмірін сақтап қалу үшін өз үлесімді қосып келемін. Қан орталығынан құрылған арнайы топ мамандарының дәл жұмысымыздың алдына келіп, қызмет көрсетіп жатқандары бізге өте ыңғайлы болды. Жұмыстан сұранбай-ақ қаншама жанашыр жандар қан тапсырып келіп жатыр», - деді Достық үйінің қыметкері Қанатбек Әмірбеков.
Белгіленген уақытқа дейін шамамен 30 адам донор атанып, өзге жандардың өміріне үміт отын сыйлауға көмектесті.
Айта кетейік, акцияның негізгі мақсаты – донорлықты дәріптеу, қан мен оның компоненттерінің санын арттыру, қайырымдылыққа атсалысу.
Көктем ҚАРҚЫН
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)