Алдағы сенбі-жексенбі күндерінде де елордадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесі жалғасын табады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алдағы сенбі-жексенбі күндерінде де елордадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесі жалғасын табады
ашық дереккөз

Жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері, ұн, бал, көкеністер мен жемістер және күнбағыс майы сияқты табиғи таза өнімдер ұсынылады. Яғни сөрелердегі өнімдер ешқандай делдалсыз, отандық ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерден тұтынушыларға тікелей әкелінеді. Айта кетсек, жәрмеңкеге бару үшін жұртшылық медициналық бетперде тағып, барлық санитарлық талапты сақтауы тиіс.