Елордалық емханада фильтр-кабинеті ашылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық емханада фильтр-кабинеті ашылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115321624433304.webp)
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов №10 емханаға барып, ондағы коронавирустың екінші толқынына дайындығын тексерді. «Белгілі болғандай, көрші елдерде ауру саны өскені байқалып отыр. Біз қазір болуы ықтимал коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Қаланың барлық емханаларында фильтр-кабинет іске қосылды. Олардың негізгі міндеті – ЖРВИ жұқтырған науқастарды анықтап, оларды оқшаулау. Фильтр-кабинеттерде науқастар ПТР тесттен өтеді. Егер вирус анықталған жағдайда амбулаторлық бақылау және емдеу жүргізіледі. Біздің басты мақсатымыз – науқасты пневмония сияқты ауыр жағдайға түсірмеу», – деді Тимур Мұратов. Оның айтуынша, пациенттер байланысын азайту үшін үйге барып қызмет көрсетілетін болады. «Барлық науқас базаға енгізіледі. Егер олардың бірінен коронавирус анықталса, басқалары байланыста болғандар есебінде болады. Олардың үйіне барып, ПТР тестілеуден өткізуіміз мүмкін. ОЛ үшін мобильді бригадалар құрылды. Фильтр-кабинетке тек белгілі бір себептермен емханаға бара алмайтындар келеді», – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы. Қазіргі уақытта қаладағы эпидахуал тұрақты. Стационарларда 87 науқас ем қабылдауда. «Амбулаторлық мекемелеріндегі 60 науқас біздің де бақылауымызда. Олардың кейбірінде ауру симптомсыз өтуде. Симптомы бар науқастар амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Біздің міндетіміз – олардың жағдайының ауырламауы үшін ем жүргізу», – деді Тимур Мұратов. Спикердің сөзінше, елорда екінші толқынға дайын. Бірақ ол ауру жұқтырғандардың санына байланысты болмақ. «Егер біз әлеуметтік арақашықтықты сақтап, бетперде тақпасақ, науқастардың саны артады. Қаланың денсаулық сақтау жүйесі 5 600 төсек-орын мен 434 ИВЛ аппарат және басқа да жабдықпен қамтуға қауқарлы. Олардың саны бұған жетпеуі де мүмкін. Біз ауру санын өсіруге жол бермеуіміз керек. Әр азаматтың міндеті – ауырмас үшін барын салуы керек. Егер біз барлық тиісті ережені сақтасақ, екінші толқын бізді айналып өтуі мүмкін», – деді спикер. Айта кетсек, №10 қалалық емхана 86 мың адамға қызмет көрсетеді. «Біздің емханада екі кіру тобы бар. Балаларға және ересектерге бөлек есіктер қарастырылып, олардың әрқайсысына тепловизорлар қойылған. Кіре берісте адамның қызуын анықталады. Егер аппараттар адам қызуын анықтаса, олар бірден фильтрге жөнелтіледі. Сол сияқты фильтрде де 3 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі», – деді емхана директоры Гүлнар Алпысбекова. Жалпы, барлығы үш түрлі кабинет, яғни балаларға, ересектерге және аяғы ауыр әйелдерге арналған кабинеттер қарастырылған. «ПТР зерттеу жүргізуге арналған биоматериал жинайтын тағы бір кабинет бар. Пациенттер саны өссе, тағы екі кабинет ашылады. Олар қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған жоқ. Өйткені қаладағы жағдай тұрақты. Қаланың әр амбулаторлық-емханалық ұйымдарында мобильді бригадалар жұмыс істейді. Олар ауру жұқтырған науқастарды бақылау үшін қажет. Бізде норматив бар, ол – бір мобильді бригада 5 мың тұрғынға көмек көрсетеді деген сөзТұрғындарымызға осындай 17 мобильді топ құрылды. Бұдан бөлек бізде оттегі консентраттары бар. Сондай-ақ қосымша пульсоксиметрлері сатып алынды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Күніне 40-қа жуық адам жүгінеді. Оның 20-сы ересек адам болса, 18-20-і – бала», – деді Гүлнар Алпысбекова.
Айгерім Шалданбаева
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)