Байқоңыр ауданы әкімдігінде парасаттылық мәдениетті дамыту жөнінде онлайн дәріс өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Байқоңыр ауданы әкімдігінде парасаттылық мәдениетті дамыту жөнінде онлайн дәріс өтті
ашық дереккөз

Мемлекеттік қызметшілерге ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының сарапшысы Айбек Қабылдин парасаттылық, елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының қазіргі заманғы әдістері мен тәсілдері туралы дәріс оқыды. "Біз онлайн форматта дәріс өткіздік. Мақсаты – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларға жол бермеу, парасаттылық мәдениеті мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының мәні мен рөлін түсіндіру. Дәріс кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиямыздың және оның алдын алу шараларының негізгі бағыттары туралы айтылды. Сондай-ақ тыңдаушылар сыбайлас жемқорлық бойынша халықаралық рейтингтік зерттеулердің нәтижелері мен ондағы Қазақстанның позициясы туралы құлағдар болды", – деді спикер. Дәріс аясында Әл-Фараби, Абай, Әлихан Бөкейханұлы сынды тарихи тұлғалар еңбектерінің тезистері келтірілді. Қатысушыларға парасаттылықты ілгерілетудің халықаралық тәжірибесі, атап айтқанда, жапон және фин тілдері туралы айтылды. Тыңдаушылар, сондай-ақ халықаралық құралдармен, оның ішінде ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қамтамасыз ететін 137001 стандартымен танысты. Айбек Қабылдиннің айтуынша, мұндай дәрістер тек мемлекеттік қызметкерлер үшін ғана емес, басқа да еңбек ұжымдары үшін ұйымдастырылады. Айта кетсек, іс-шараны Байқоңыр ауданы әкімдігі мен "Даму қазақстандық қауымдастығы"қоғамдық ұйымы ұйымдастырды.