Мобильді топтар бір тәулік ішінде 60-тан астам шағын және орта бизнес субъектін тексерді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мобильді топтар бір тәулік ішінде 60-тан астам шағын және орта бизнес субъектін тексерді
ашық дереккөз

12-13 қазан аралығында 66 нысанға мониторинг жүргізілді. Оның ішінде 15 шектеу және карантин шараларын бұзу анықталды. «Рейд барысында жұмыс режимін бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда: Түркістан, 10; Таха Хусейн, 11; Петров, 28 көшелеріндегі көлік жуу орындары сағат 23:40-тан кейін жұмыс жүргізген. Достық, 7 көшесіндегі «Сексеуіл» мейрамханасы, Дүкенұлы, 36 көшесіндегі «Шымкент» кафесі, Республика даңғылы, 27-дегі «DoDo Pizza» пиццериясы да сағат 22:00-ден кейін жұмыс жасаған. Сонымен қатар нысанда антисептик қойылмаған», – делінген хабарламада. Сатушылардың маска тағу тәртібін бұзуы, антисептик, арақашықтық белгілерінің, дезинфекциялық төсеніштің, сондай-ақ кіреберісте келушілер термометриясының болмауы келесі нысандарда анықталды: Бөгенбай батыр, 6/5 көшесіндегі «Эталон» сауда-құрылыс базары; Бөгенбай батыр даңғылы, 8/1а мекенжайы бойынша азық-түлік сататын дүңгіршек; Қосшығұлұлы к-сі, 9 үй «Солтүстік» сауда үйі; «Астана Тазалық» ЖШС; Алматы, 6 көшесіндегі №54 балабақша; Сауран, 7 көшесіндегі ХҚКО; Сауран, 1 көшесіндегі гүл дүкені; Ұлы Дала, 25 көшесіндегі «Life» сұлулық салоны. Сондай-ақ тыйым салынғанына қарамастан, өз қызметін жүзеге асыратын нысандар анықталуда. Атап айтқанда, бұзушылар арасында – Қ.Сәтпаев 22 көшесіндегі «Тема» компьютер клубы, онда 35 адам болған, Кенесары, 47 көшесіндегі «Мафия» компьютер клубы. Барлық анықталған заң бұзушылықтар Нұр-Сұлтан полиция басқармасы қызметкерлерімен тіркеліп, рапорт жасалды. Кейін материалдар қарау және әкімшілік шаралар қолдану үшін қалалық ТКҚСҚБ аудандық басқармаларына жіберіледі. Бұған дейін Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзушыларға бірнеше ай ішінде 133 миллион теңге айыппұл салынғаны хабарланған болатын. Коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайту мақсатында елордада рейд шаралары өткізілуде. Жауапты адамдар азаматтарды маска тағу тәртібін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау және санитайзер қолдануға шақырады.