00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

1 наурыздан бастап әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне енгізуге өтінімдер қабылданады

1 наурыздан бастап әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне енгізуге өтінімдер қабылданады
коллаж Elorda.info

1 наурыздан бастап әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне енгізуге өтінімдер қабылданады

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі – бұл жеке кәсіпкерлер мен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып саналатын заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер базасы. 

Әлеуметтік кәсіпорын мәртебесі әлеуметтік осал санаттағы қызметкерлерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін, олар өндірген өнімді сататын немесе халықтың осындай топтары үшін тауарлар шығаратын және қызметтер көрсететін және қоғам үшін пайдалы, білім беру және мәдени-ағарту қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге беріледі.

Бұл мәртебе мемлекет тарапынан қолдау алу үшін қажет. Мәселен, әлеуметтік кәсіпорындар 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар, жеңілдікті шарттардағы үй-жайлар мен жеңілдетілген кредиттер ала алады. 

Әлеуметтік кәсіпорындар тізбесіне кіруге өтінімді Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 113 кабинет мекенжайы бойынша беруге болады. Өтінімдер мен құжаттар 1-15 наурыз аралығында қабылданады.