1,7 мың үлескер көптен күткен пәтерлерінің кілттерін қолдарына алды
Елордадағы ұзаққа созылған құрылыстар мәселесі - қала әкімдігінің алдында өткір тұрған өзекті проблемалардың бірі. Осы орайда үлескерлерге қиындық тудырып отырған сақалды құрылыстарды аяқтау жұмыстарына жауапты мекеме - "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС баспасөз қызметі Elorda info тілшісіне қазір жасалып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы (қазіргі уақытта Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы) шеңберінде Мемлекет басшысы мен мемлекеттік органдардың қолдауымен алданған үлескерлердің проблемаларын шешу мақсатында әкімдіктің уәкілетті ұйымы – «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС құрылды. Компанияның негізгі мақсаты -Астана қаласында үлескерлер үшін проблема тудырып отырған нысандар құрылысын аяқтау.
Бүгінде ұзаққа созылған құрылыстар бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бастапқы кезеңде Астанада құрылысы аяқталмаған 150 үй болса, бұл шамамен 16 мың үлескер бар. 2022 жылдың соңына қарай оның 12 мыңының мәселесі оң шешімін тапты.
2023 жылдың басында елордада 16 нысандағы ұзаққа созылған 32 үйдің құрылысын аяқтау бойынша жұмыс жалғасын тапты. Бұл аяқталмаған үйлер шамамен 4,1 мың үлескер отбасыға тиесілі. Осы уақытқа дейін аталған үйлердің бір бөлігі аяқталып, шамамен 1,7 мың үлескер көптен күткен пәтерлерінің кілттерін қолдарына алды. Осылайша, ағымдағы жылдың соңына қарай қалған 3,6 мың үлескерге кілттері үлестіріледі. Ал қалған үлескерлер кілттерді 2024 жылдың басында алатын болады, - деп жауап берді «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-і баспасөз қызметі.
Серіктестіктің мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр құзырлы орынның тұрақты бақылауына алынған.