00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Зерттеу нәтижелері отандық болат металының жоғары сапалығын байқатты

16 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Зерттеу нәтижелері отандық болат металының жоғары сапалығын байқатты
коллаж Elorda.info

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының ғалымдары тот баспайтын болат металының кезекті зерттеу жұмыстарын сәтті аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, институттың мамандары Бринелл әдісі арқылы елімізде құрылыста қолданылатын конструкциялық болаттың беріктігін анықтаған. Зерттеудің нәтижесінде Қазақстанда өндірілетін болат шикізатының икемділік қасиеттері байқалып, оның химиялық құрамы Еурокод 1993 талаптарына сәйкес болып шықты.

Ғылыми-зерттеу барысында қалыңдығы 8-20 мм болатын 7 түрлі конструкциялық болаттың сынамасы алынып, тартып (бір осьті) сынаудың түрлі әдістері, сондай-ақ Бринелль әдісі арқылы беріктігін тексеру мен аспапты басу тәсілі қолданылды. Бұған қоса тегістелген болат материалына да салыстырмалы талдау жасалды.

Аталған өлшем әдістері тау жыныстарының, алюминий қорытпаларының сапалығын анықтау үшін қолданылатынын айта кетейік. Тұтастай алғанда, Бринелль әдісі көптеген материалдың беріктік қасиеттерін анықтаудың әмбебап әдісі болып саналады. Жоғарыда айтылған зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазақстандық болаттың икемділік қасиеттері толық дәлелденді.

Түйіндей келгенде, жүргізілген сынақ қорытындысы өндірісте қолданылатын отандық және ресейлік болаттың оң нәтижелерін көрсетті. Алдағы уақытта ғалымдар бұл металдың беріктігіне байланысты басқа да әдістерді қолданып, бағалауды жоспарлап отыр. Зерттеу нәтижелері конструкцияларды жобалауды реттейтін нормативтік ережелерге енгізіледі деп көзделген.