Тозған банкноттар мен тиындарды қай жерде тегін айырбастауға болады?
2 қазан, 2023
Елорда ақпарат
Оңалхан Оңерхан
Қазақстанда тозған банкноттар мен зақымдалған тиындарды айырбастауға мүмкіндік бар, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан ұлттық банкі ресми сайтының мәліметінше, тозған банкноттар мен зақымдалған тиындар заңды төлем құралы болып қала береді. Оларды екінші деңгейлі банктерде, Ұлттық банк филиалдарында және ұлттық пошта операторы "Қазпошта" АҚ-да номиналды құнына сай айырбастауға болады. Ұлттық валютаның зақымдалған төлем ақша белгілері Ұлттық банк филиалдарында тегін айырбасталады және сомасына шектеу қойылмайды. Дегенмен ұлттық банктің ресми сайтында екінші деңгейлі банктер өздерінің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, бұл қызмет түрін көрсеткені үшін комиссия ұстауға құқылы екенін ескертті.
Ұқсас жаңалықтар
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді
17 қараша, 2024
Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады
15 қараша, 2024
Қазақстандықтар бір айда 164 мыңдай автокөлік сатып алды