Үкімет «Қазақтелекомды» демонополизациялауды қарастырып жатыр
18 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат
Фото: primeminister.kz
Үкімет «Қазақтелекомды» демонополизациялауды қарастырып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Қатысушылар «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын демонополизациялау барысын талқылады. Атап айтқанда, мобильді операторлардың бірін бәсекеге қабілетті нарыққа шығару процесі қарастырылды. Қазіргі уақытта әлеуетті шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылды.
Жалпы бұл шара халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, телекоммуникация саласының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
Премьер-министр бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.
Отырыста сондай-ақ химия өнеркәсібіндегі және басқа да салалардағы бірқатар кәсіпорынның жұмысы талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді
17 қараша, 2024
Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады
15 қараша, 2024
Қазақстандықтар бір айда 164 мыңдай автокөлік сатып алды