Әкім қазақстандықтарды Қарағанды облысына демалуға шақырды
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында демалушыларға қолайлы жағдайлар жасау үшін туристік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлады Elorda.info.
Қарағанды облысында туризмді дамытуға арналған 2025 жылға дейін әзірленген бағдарлама бар. Туристер үшін тартымды нүктелер – Балқаш пен Қарқаралы ұлттық табиғи паркі және Қарқаралы ауданындағы «Бұғылы» рекреациялық аймағы.
Аймақ басшысының айтуынша, биыл жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам инвестиция 110 номерлі сегіз туризм нысанын іске қосу күтілуде. Ал келесі жылы 1,4 млрд теңгеден аса сомаға 7 жоба іске асырылады.
Сондай-ақ, Балқаш пен Қарқаралы ауданында жаңа жобаларға арнап жер телімдері қарастырылған.
Көріп отырғандарыңыздай, бізде жақсы демалатын жерлер бар. Сондықтан, сіздерді біздің облысқа демалуға шақырамын, – деп аяқтады өз сөзін өңір басшысы.