Елімізде тауар биржаларына қатысты мемлекеттік бақылау күшейтіледі
Елімізде тауар биржаларына қатысты мемлекеттік бақылау күшейтіледі, деп хабарлады Elorda.info Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген биржалық сауда мәселелері туралы заң жобасы ашық нарықтық баға белгілеуді қалыптастыруды және ақша ағындарын бақылауды күшейтуді көздейді. Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.
Сауда және интеграция министрлігі депутаттық корпуспен бірлесіп биржалық сауда мәселелері жөніндегі заң жобасын әзірледі. Өткен аптада «АМАNАТ» партиясының алаңында заң жобасының тұсаукесері өткізілді.
Заң жобасында үш негізгі міндетті шешуге бағытталған шаралар ұсынылады:
Биржаларға қойылатын реттеуші талаптарды қатаңдату және мемлекеттік бақылауды күшейту;
Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу рәсімдерін айналып өтуін болдырмау;
Отандық өндірушілердің ашық сауда құралдарына қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Бірінші бағыт шеңберінде биржаларды шағын және миркокәсіпкерлік субъектілері санатынан шығару ұсынылады. Министр отандық нарықта қазір 10 биржа жұмыс істеп тұрғанын, оның 9-ы микробизнес субъектілері, бір биржа шағын бизнеске жататынын жеткізді. Сонымен бірге биржалық келісімдердің жылдық айналымы триллион теңгеден асады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 2,5 трлн теңгеден асты, осы жылдың 10 айында – 1,6 трлн теңгені құрады.
Заң жобасында тауар биржаларының қаржылық тұрақтылығын арттыру ұсынылады. Жарғылық капиталдың мөлшері 600 мың айлық есептік көрсеткішті құрайды, бұл шамамен 2 млрд теңге. Кепілдік қоры – 100 мың АЕК.
«Бүгінгі таңда бизнестің тауар биржаларына шығу проблемалары бар. Сондай-ақ кәсіпкерлердің нақты келісімдерге қатысуына кедергілер жасалуда. Кіру және қатысу жарналары 250 мыңнан 95 млн теңгеге дейін соманы құрайды. Әрине, бұл көптеген кәсіпкерлер үшін ауыр шығындар. Сондықтан, біз сауда-саттыққа қатысу үшін жарналар мен төлемдердің бірыңғай максималды мөлшерін белгілеуді ұсынамыз. Бұл мәселені саралап (дифференциалды) қараймыз. Сауда-саттықтың басты қатысушыларын – брокерлер мен клиринг орталықтарын, қаржы мониторингі субъектілері санатына қосу ұсынылады», — деп атап өтті А.Шаққалиев.
Ведомство басшысының айтуынша, Министрлік биржалық тауарлардың тізімін қалыптастырады. Солардың ішінен әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарларды бөліп көрсету ұсынылады. Оған көмір, бидай, мұнай өнімдері және бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары кіреді.
Аталған тауарлардың энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін ескере отырып, олардың саудасы арнайы тізбеге енгізілген тауар биржаларында ғана жүзеге асырылатын болады.
«Тауар биржаларының тізбесі конкурстық негізде Үкіметтің шешімімен айқындалады. Бұл аталған тауарларға ашық баға белгілеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ ел ішінде де, сыртқы экономикалық қызметте де тауар ағындарын қадағалауға мүмкіндік береді», — деді министр.
Үкімет отырысында А. Шакқалиев бизнесті өз өнімдерін тауар биржаларына шығаруға ынталандыратын әзірленген шаралар туралы да айтты. Отандық ҚТҚ өндірушілері үшін бұл ҚҚС төлеу кезінде есепке алу әдісін қолдану, Ұлттық экспорттаушылар үшін ҚҚС қайтарудың жеңілдетілген тәртібін енгізу (5 күнге дейін).
Сондай-ақ, ҚТЖ-мен бірлесіп, биржалық мәміле жасалған жағдайда логистикаға арналған теміржол тарифтерін қайта қарау көзделген.
Үкімет отырысында Арман Шаққалиев бизнесті тауар биржаларында өз өнімдерін шығаруға ынталандыатын шаралар туралы айтты. Онда:
ӘМАТ-тың отандық тауар өндірушілері үшін – ҚҚС төлеу кезінде есептеу әдісін қолдану;
ұлттық экспорттаушылар үшін – ҚҚС қайтарудың жеңілдетілген тәртібін енгізу, мысалы, 5 күнге дейін (қазір 15 күн);
сондай-ақ ҚТЖ-мен бірлесіп биржалық мәміле жасалған жағдайда логистикаға арналған теміржол тарифтерін қайта қарау ұсынылады.
Мемлекет басшысы қойған екінші міндет шеңберінде тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды айналып өту мүмкіндігі алынып тасталады. Бұл – жыл сайын 40 млрд теңгеден астам сома. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алуларға ұқсас биржалық сауда-саттықтың жосықсыз қатысушыларының тізілімі енгізілетін болады. Сондай-ақ автоматтандырылған жеделдетілген өтінім беру технологияларына тыйым салуға бағытталған түзетулер бар.
Нарықтың басым субъектілері үшін делдалдар арқылы сауда-саттыққа шығуды шектеу және олар үшін дилер мәртебесін бекіту ұсынылады. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы бойынша. Оларды сатып алуды NАDLOC тізілімімен синхрондалған мамандандырылған электрондық сауда алаңдарына ауыстыру ұсынылады.
«Бұл – сатып алудың қолданыстағы тәсілі. Яғни, заңнамалық база бар, бірақ жер қойнауын пайдаланушылар оны көптеген жылдар бойы пайдаланбай келеді. Бұл ретте, электрондық алаңдарға еркін қол жеткізу үшін біз отандық өндірушілерден алымдар мен жарналарды алып тастауды ұсынамыз», — деді ведомство басшысы
Министрдің мәлімдеуінше, биржада коммерциялық құпияны сақтау талаптарын қайта қарау ұсынылады. Қатысушылар мен келісімдер бойынша барлық мәліметтер ашық қолжетімділікте жарияланатын болады. Жалпы алғанда, Мемлекет басшысы қойған барлық міндеттер заң жобасында қамтылған. Нәтижесінде, биржалық сауда сауда-саттықтың, экономиканың және отандық өндірістің өсуінің маңызды қозғаушы күші болуы керек. сондай-ақ ашық нарықтық бағаны қалыптастыру және биржалық саудаға қатысушылардың ақша ағындарын бақылауды күшейту негізгі нәтиже болады.