Елімізде сыртқы сауда тауар айналымы 13,4 пайызға өскен
16 мамыр, 2023
Елорда ақпарат
Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың баяндамасында айтылды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда тауар айналымы 13,4%-ға өсіп, 32,7 млрд долларды құрады. Экспорт 18,7 млрд долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 8,1%-ға ұлғайып, 5,9 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 14 млрд долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 4,8 млрд долларға тең, - деді министр.
Министрдің мәліметінше, елімізде өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Сәйкесінше өндіріс көлемі 5,1%-ға өскен. Соның ішінде ең жоғарғы өсуді Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстары және Алматы қаласы көрсетті.
Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ
Ұқсас жаңалықтар
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді
17 қараша, 2024
Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады
15 қараша, 2024
Қазақстандықтар бір айда 164 мыңдай автокөлік сатып алды