Доллар бағамы 4, 99 теңгеге қымбаттады
23 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Өнерхан
Қазақстан қор биржасының мәліметінше, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлады Elorda.info.
KASE қор нарығындағы кешкі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 4, 99 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 458, 13 теңге. Ұлттық банктің 23 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 453,13 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,81 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 459,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 465,5 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 460 теңге, сатып алу құны – 464 теңге. Ресей рублі 4,75 – 4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді
17 қараша, 2024
Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады
15 қараша, 2024
Қазақстандықтар бір айда 164 мыңдай автокөлік сатып алды