00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобаларға салықтық жеңілдіктер беріледі

5 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобаларға салықтық жеңілдіктер беріледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Салық төлеушіге тіркелуден бастап есептен шығарылуға дейін фискалдық көмек көрсетілетін болады, деп хабарлайды Elorda.info.

Қарызды өндіріп алу кезінде шоттарды арестке қою тетігі қайта қаралады.

Салық есептілігін 30%-ға, ал төлемдерді 20%-ға қысқарту жоспарлануда. Сонымен бірге ынталандырушы және тиімді жеңілдіктер сақталады.

Мәселен, тауарлардың тізбесін оңтайландырып, есепке жатқызу әдісімен импортқа ҚҚС төлеу тәртібі сақталады. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар үшін жеңілдіктер қарастырылған. Осылайша, қолданыстағы ынталандыруларды сақтай отырып, кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа шаралары қабылданады, — деді Н.Байбазаров.

Қазір Қазақстанда инвесторлар үшін салықтық жеңілдіктер берудің түрлі режимдері қолданылады. 

Рәсімдерді оңтайландыру үшін жаңа Салық кодексінің шеңберінде инвестициялар көлеміне, өндірістік процестердің күрделілігіне және түпкілікті өнімдердің өзіндік өндірісін дамыту үшін маңызы бар өзге де факторларға байланысты сараланған тәсілді ескере отырып, жеңілдіктердің «бір топтамасын» беру жолымен ұсынылатын преференцияларды біріздендіру қаралады.