Қазақстанның тауар айналымы 55,7 млрд долларды құрады
Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның тауар айналымы 55,7 млрд долларды құрады, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 8%-ға артық.
Оның ішінде:
Экспорт – $31,5 млрд
Импорт – $24,2 млрд
Негізгі серіктес елдер:
Экспорт бойынша (% үлес):
Италия – 19,8%
Қытай – 15,4%
Ресей – 12,8%
Корея Республикасы – 6,5%
Нидерланд – 6,3%
Түркия – 5,2%
Импорт бойынша (% үлес):
Ресей – 26,7%
Қытай – 24.2%
Германия – 5,1%
АҚШ – 4,7%
Корея Республикасы – 3,9%
Түркия – 3,7%
Экспортталатын негізгі тауарлар: шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері (54,6%), тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (4%), кендер мен мыс концентраттары (3,6%), ферроқорытпалар (3,4%) және т.б.
Импорт бойынша ең көп үлес жеңіл автомобильдер (4,9%), телефон аппараттары (3,1%), шанақтар мен кабиналар (2,8%), дәрілік заттар (2,3%) және т.б. тиесілі.