00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда 1 шілдеден бастап ішімдік қымбаттауы мүмкін

14 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда 1 шілдеден бастап ішімдік қымбаттауы мүмкін
коллаж Elorda.info

1 шілдеден бастап елімізде ішімдік бағасы қымбаттауы мүмкін, деп хабарлады Elorda.info.

Ашық НҚА порталында Қаржы министрінің бөлшек саудада өткізу үшін араққа қойылатын шекті бағаны көтеру туралы бұйрығының жобасы жарияланды.

Оған сай, 1 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта ішімдіктердің бөлшек саудадағы ең төменгі құны былай белгіленді:

арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 1 980 теңге.

коньяк пен брендидің бір литрі – 2 930 теңге.

Ал 1 қазаннан ішімдіктің ең арзан бағасы келесідей болмақ:

арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 2 100 теңге;

коньяк пен брендидің бір литрі – 3 110 теңге.

Қаржы министрінің бұйрығы 26 маусымға дейін көпшілік талқылауында болады. Кейін қол қою үшін ведомство басшысына жолданады. Содан соң, яғни 1 шілдеден күшіне енеді.