Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 36,5 миллион теңгені қайтарды
7 маусым, 2023
Елорда ақпарат
Оңалхан Өнерхан
Қостанайда «Qnet LTD» құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.
Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті қызметкерлері анықтағандай, күдікті азаматтарды «Qnet LTD» қаржы пирамидасына тарту үшін Қостанайда кеңсе ашып, жеңіл табыс табуды белсенді түрде жарнамалаған.
30-дан астам адам қылмыстық әрекеттің құрбаны болды.
Күдіктінің қылмыстық ісін тергеп-тексеру барысында жәбірленушілерге 36,5 миллион теңгеден астам шығын толық көлемде өтелді.
Осыған байланысты тараптардың татуласуына байланысты тергеу тоқтатылды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:01
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
Бүгін, 16:13
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді