00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде бір жылда фармацевтика өнімдері 13 пайызға қымбаттады

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде бір жылда фармацевтика өнімдері 13 пайызға қымбаттады

Биыл қаңтар–қазан айларында Қазақстанда фармацевтикалық өнімдердің өндірісі небәрі 130,2 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен бірден 26,2% аз, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі Шымкентке тиесілі: 46,4 млрд теңге, бір жылда 10,6% көбейді. Үздік үштікке сондай-ақ дәстүрлі түрде Алматы облысы (35,1 млрд теңге, бір жылда 17,4% көбейген) және Алматы (17,6 млрд теңге, 9,3% азайған) кірді.

Биылғы қаңтар–қазан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанға 1,1 млрд АҚШ доллары сомасына 20,9 мың тонна дәрілік заттар импортталды. Өсім физикалық мәнде 17,6%, ақшалай түрде 24,4% болды.

ТМД елдерінен құны 114,8 млн АҚШ доллары болатын 7 мың тонна дәрілік заттар әкелінді. Мұнда импорттың негізгі бөлігі Ресейге түсті: 5,2 мың тонна — бір жыл бұрынғыдан 15,4% аз. ТМД елдерінің негізгі үштігіне Беларусь пен Украина да кірді. ТМД-ға кірмейтін елдерінен 1 млрд АҚШ долларына 13,9 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Мұнда Қытай ҚР үшін негізгі жеткізуші болды: 2,9 мың тонна дәрілік заттар — бір жыл бұрынғыдан 2,3 есе көп. Үздік үштікке Германия мен Үндістан да кірді.

Биылғы қараша айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық өнімдердің бағасы былтырғымен салыстырғанда 13,2% өсті. Бағалар ең көп Алматы (бір жылда 18% қымбаттады), сондай-ақ Маңғыстау (17,3%) және Жамбыл (15,4%) облыстарында қымбаттады. Бағаның ең аз өсімі Алматы облысында тіркелді: 8,8%.

ҚР СЖРА ҰСБ мониторингіне жататын фармацевтикалық өнім түрлерінің ішінде бағаның айтарлықтай өсуі байқалды, мысалы, йод ерітіндісі (бір жылда 38,7%), ацикловир (37%), белсендірілген көмір (шамамен 36,4%), «Хилак форте» (31,8%), ацетилсалицил қышқылы (29,1%). «Фенистил Нью» тамшылары, «Энап» және парацетамол арзандады.