00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еліміздегі ең көп сатылатын көлік модельдері белгілі болды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Еліміздегі ең көп сатылатын көлік модельдері белгілі болды

Осы жылдың қазан айында Қазақстанда 9 870 жаңа жеңіл жеңіл автокөлік пен 865 коммерциялық автокөлік сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9%-ға көп, деп хабарлады Elorda.info. 

Қазақстанның автобизнес қауымдастығының мәліметінше, он айда елімізде 97 737 көлік, былтыр 96 848 автомобиль сатылған.

Брендтер арасында Chevrolet сегізінші ай қатарынан көш бастап тұр – 3 137 көлік. Одан кейін Hyundai мен Kia келеді. Chery автокөліктері қазан айында алғаш рет төртінші орынға көтерілді – 670. Одан әрі тізімде: Toyota, Exeed, Lada, JAC, Lexus және Haval.

Қазан айының қорытындысы бойынша көп сатылған автокөліктер:

Chevrolet Cobalt – 2 193 бірлік;

Hyundai Tucson – 976;

Chevrolet Nexia – 729;

Kia Ceed – 484;

Toyota Land Cruiser Prado – 416;

Chery Tiggo 7 Pro – 376;

Kia Sportage – 264;

Hyundai Accent – 264;

Hyundai Elantra – 243;

Kia K5 – 227.

Он айдың қорытындысы бойыншаChevrolet тізімді бастады – 27 622, екінші орында Hyundai – 22 435, Kia үздік үштікті түйіндеді - 11 135 көлік. 2022 жылы ең көп сатылатын ТОП 10-ға Toyota, Lada, Chery, JAC, Lexus, Renault және Exeed кіреді.