ҚТЖ: Биыл 8,8 млн тонна құрылыс заттары тасымалданды
Биыл «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде тиеу 147,6 млн тоннаны құраса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 0,1%-ке артық. Ішкі тасымал көлемі 2,7%-ке, яғни 97,8 млн.тоннаға дейін өсті. Экспорттық тасымал 49,7 млн тонна жүкті құрады.
Осы жылғы 7 ай қорытындысы бойынша тас көмір тиеу 62 млн тоннаны құраса, бұл өткен жыл деңгейінен 4,6%-ке жоғары. Оның ішінде ел ішінде – 42,4 млн тонна. Қатты отын экспорты 12,2%-ке, 19,7 млн.тоннаға дейін өсті. Астық тасымалдау көлемі 4,9 млн тонна деңгейінде, оның ішінде экспортқа 3,7 млн тоннасы жөнелтілді. Осы кезеңде химиялық тыңайтқыштарды тасымалдау 7%-ке (2,4 млн.тонна), мұнай жүктерін тасымалдау 4,1%-ке (10,5 млн. тоннаға дейін), құрылыс жүктерін тасымалдау 1%-ке (8,8 млн. тонна) ұлғайды. Темір және марганец кендерін тиеу 12 млн тоннаны, түсті кен тиеу 13 млн.тоннаны құрады, - деп жазылған ҚТЖ мәліметінде.