15 қарашада салық есебін тапсыру мерзімі аяқталады
1 қазаннан бастап 15 қарашаға дейін салық төлеушілер 2023 жылдың қыркүйек айы және 3 тоқсаны үшін салық есептілігін ұсынуы тиіс, деп хабарлады Elorda.info Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті салық есептілігін тапсыруды кейінге қалдырмай, алдын-ала жіберуге кеңес береді. Төменде көрсетілген салық есептілігінің нысандарын ұсыну мерзімі 2023 жылдың
15 қарашасында аяқталды.
2023 жылғы қыркүйек айы үшін:
- 400.00 «Акциз бойынша декларация»
- 421.00 «Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебі»
2023 жылғы 2 тоқсан үшін:
- 101.03 «Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп»
- 101.04 «Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп»
- 200.00 «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация» - - 300.00 «Қосылған құн салығы бойынша декларация»
- 570.00 «Экспортқа рента салығы бойынша декларация»
- 590.00 «Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация»
- 710.00 «Ойын бизнесі салығы бойынша декларация»
- 860.00 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация»
- 870.00 «Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация»
- 913.00 «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация»
Салық есептілігін бірнеше тәсілдермен ұсынуға болады:
1) электронды түрде:
- «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы («Салық есептілігі нысандары» / «Нысандар журналы» );
- «СЕӨЖ» ақпараттық жүйесінде;
- eGov.kz электрондық үкімет порталында.
2) келу тәртібімен:
- қағаз түрінде қызметті тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына немесе тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыруға міндетті;
3) пошта арқылы тапсырыс хатпен.