Елордада екі жеңіл көлік соқтығысты
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
“18 қарашада шамамен 19 сағат 35 минутта "KIA" маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Сарайшық көпірінің бойымен Мәңгілік Ел даңғылынан Б.Момышұлы даңғылына қарай жүріп, көктайғаққа байланысты рульді басқара алмай, қарсы бағыттағы жолақта тура келе жатқан "Hyundai" маркалы автокөлігімен соқтығысқан”, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Жол көлік оқиғасының нәтижесінде "Kia" автокөлігінің жүргізушісі мен "Hyundai" автокөлігінің жолаушысы ауруханаға жеткізілген. Олар дәрігерлердің қарауынан кейін босатылған. Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға жолдарда сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
22 қараша, 2024
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді