Берік Асылов: Таза Қазақстан – адал азаматтың таңдауы

Берік Асылов: Таза Қазақстан – адал азаматтың таңдауы
Фото: Бас прокуратурадан

Астанадағы Ботаникалық саябақта Бас прокуратураның қызметкерлері 80 түп ағаш отырғызды, деп хабарлады Elordainfo.kz.   

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, тазалық әр адамнан, әр үйден, әр көшеден және әр қаладан басталуы керек.

«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай біз «80 жылдыққа – 80 түп ағаш» экологиялық акциясына бастама бердік.

Бұл акцияға еліміздің барлық өңірлеріндегі прокуратура органдары белсенді түрде қатысты», - деді Бас прокурор Берік Асылов.

Бұл – Отан қорғаушыларына көрсетілген құрмет пен табиғатты болашақ ұрпақ үшін сақтау жолындағы үлес.

Әр азамат жасыл желектерге ұқыпты қараудың маңыздылығын түсінеді – бұл «Адал азамат» қағидасын ұстанатын азаматтың саналы таңдауы.  

Әрбір ағаш – бұл қаланың тынысы, оның өмірі мен болашағы.