Қызылша дертін өршітпеу мақсатында 2 514 адамға екпе егілді
Брифингке елорданың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова мен қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Спикерлердің айтуынша, халықтың қызылшаға қарсы иммунитет қабатының түзілмеуіне көптеген факторлар себеп болады. Бұл вирустың айналымы мен эпидемиологиялық процестің дамуы үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастыруда. Сондықтан ревакцинация жүргізіп, балаларға уақтылы екпе алуға кеңес берді.
Науқаспен байланыста болған жағдайда 72 сағат ішінде шұғыл екпе алуға мүмкіндік барын атап өткім келеді. Осылайша вакцинация алмай науқаспен байланыста болған адамдарды инфекциядан уақтылы қорғау және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында 2514 адам егілді, - деді С. Бейсенова
Спикерлер жалғыз тиімді қорғаныс ол вакцинация екенін тағы бір рет атап өттті.
Балаларын уақтылы екпе алуын қамтамасыз ету ең алдымен ата-аналардың жауапкершілігінде. Сондықтан құрметті ата-аналар, балаларыңызға қамқорлық жасаңыз-оларға уақтылы екпе салдыртыңыз, - деді спикерлер.