Туберкулезбен күресте ҮЕҰ-ды қолдау жөнінде адвокациялық кеңес өтті
Астанада «Қазақстанда туберкулезді тоқтату» Ұлттық Әріптестігін дамыту және үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) туберкулез ауыртпалығын төмендетуге белсенді тарту мақсатында шешім қабылдаушы тұлғалармен жоғары деңгейдегі адвокациялық кеңес өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Ауқымды іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары – Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша гранты аясында «Қазақстан Республикасының фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығы» РМК, «Қазақстан фтизиопульмонологтар қауымдастығы» ҚБ және Астана қаласының әкімдігі.
Жиынға ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Владислав Дудник Қазақстан Республикасы Парламентінің, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, «Stop TB» халықаралық серіктестігінің (Женева қ.), Жаһандық қор, ДДСҰ, медициналық университеттер, медициналық қауымдастықтар және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Қазақстан БҰҰ-ның туберкулез бойынша жоғары деңгейдегі отырысының саяси декларациясына қосылғанын, 2035 жылға қарай туберкулезді індет ретінде жоюға бағытталған END TB стратегиясын жүзеге асырып жатқан мемлекет ретінде мойнына жоғары міндеттемелер алғанын атап өтті. Стратегияны жүзеге асыру туберкулез ауыртпалығын азайту бойынша іс-шараларға қоғамның барлық құрылымдарын, соның ішінде ҮЕҰ-ды тарта отырып, «Қазақстанда туберкулезді тоқтату» Ұлттық серіктестігін дамыту арқылы ғана мүмкін болады,- деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Владислав Дудник
Оның сөзінше мұндай биік мақсатқа жету үшін мемлекет:
- туберкулезбен ауыратын әрбір науқастың тиімді диагностикаға, емдеуге және емдеуге қол жеткізуін қамтамасыз етуі;
- туберкулездің таралуын тоқтатуы;
- туберкулезден кесірінен туатын әлеуметтік және экономикалық әділетсіз шығындарды азайтуы;
- туберкулезбен күресудің жаңа профилактикалық, диагностикалық және емдік құралдарын, технологиялары мен стратегияларын әзірлеуі, енгізуі және қолжетімді етуі;
- стратегиялық насихат, коммуникация және әлеуметтік жұмылдыру арқылы туберкулезге шалдығу қаупі жоғары адамдарға назар аударуы тиіс.
Туберкулезбен күресте тиімділігін әлдеқашан дәлелдеген азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдар осы ретте мемлекетке жан-жақты көмек көрсетуде.
Үкіметтік емес ұйымдардың туберкулездің алдын алу, туберкулез туралы халық арасында, әсіресе халықтың осал топтарында ақпарат тарату, туберкулезбен ауырғандарды және емнен бас тартқандарды тауып, емделуге әкелу жағынан қосар үлесі зор. Мысалы 2022 жылы ҮЕҰ өкілдері туберкулез дертіне шалдығуы мүмкін деген күмән туған 10 741 адамды алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелеріне (АМСК) жеткізген. Биылғы жылдың 6 айында ҮЕҰ қызметкерлері осындай күмән туған 3 442 адамның дәрігерге қаралуына мұрындық болды. Олардың ішінд 230 адамның туберкулезбен ауыратыны расталған,-дейді ҚР ҰФҒО директоры Мәлік Әденов
Жоғары деңгейдегі адвокациялық кеңестің соңында елдегі әлеуметтік маңызы жоғары ауру ретінде туберкулезбен ауыртпалығын азайту мақсатында туберкулез, туберкулез/АИТВ проблемаларымен күресетін ҮЕҰ-ға республикалық және жергілікті бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (МӘТ) пен гранттар бөлу туралы қарар қабылданды.