«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті


7 тамызда «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Солтүстік Қазақстан облысына жетті. Мұнда екі апта бойы шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына тегін көмек көрсетіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері құрам Маңғыстаудан Қостанайға дейінгі ондаған қалалар мен ауылдарда болып, 20 мың шақырымнан астам жол жүріп өтті.
Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы аялдамалардың кестесі:
1. Ақсуат-7 тамыз
2. Сулы-8-10 тамыз
3. Қайранкел-10-11 тамыз
4. Чаглинка-13 тамыз
5. Тайынша-14 тамыз
6. Қазан-15 тамыз
7. Чкалов-16 тамыз
8. Ащыкөл-17 тамыз
9. Даут-18 тамыз
10. Талшық-19 тамыз
11. Қызыл – Ту-20 тамыз
12. Макинка-22-23 тамыз
«Пойызда диагностикалық зерттеулер (ультрадыбыстық, рентген, ЭКГ, зертхана), негізгі мамандықтағы дәрігерлерді қабылдау, қажет болған жағдайда шағын хирургиялық операциялар бар. Сондай-ақ, тұрғындар заңгерлерден, медиаторлардан және психологтардан әлеуметтік және құқықтық мәселелер бойынша тегін консультация ала алады»,- делінген хабарламада.
Жоба әсіресе көп балалы аналар, жалғызбасты ата-аналар, мүгедектер, жұмыссыз жастар және ірі медициналық орталықтарға жету қиынға соғатын зейнеткерлер үшін өте маңызды.
Әрі қарай пойыз Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына барады.