«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 165 мыңнан астам тұрғынға көмек көрсетті
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының мамандары шалғайдағы ауылдар мен станциялардың 60 мыңға жуық тұрғынын, оның ішінде 14 мыңнан астам баланы қарап-тексерді. Ауруханалар мен дәрігерлер жоқ ауылдық аумақтардың тұрғындары бейінді мамандардың консультацияларын, аспаптық және зертханалық зерттеулерді қоса алғанда, 165 мыңнан астам білікті медициналық қызметтерді ала алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«9 мыңға жуық стоматологиялық қызмет көрсетілді, 18 мыңнан астам зертханалық талдау өңделді, 8 841 УДЗ және 6 787 ЭКГ сеанстары өткізілді, 4 788 шағын хирургиялық операция жасалды.
Қарап-тексерулердің нәтижесінде түрлі аурулары бар 3 007 пациент анықталды, оның 561-і ҚЖА-дан зардап шегеді, 76 адамда қант диабеті, глаукоманың 112 жағдайы анықталды, басқа аурулармен 1 864 ауыл тұрғыны емдеуге алынды. Оның ішінде тіркелген жері бойынша емханаларда 2 973 пациент, оның ішінде 449 бала динамикалық бақылауға алынды», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.
2024 жылдың 9 айында медициналық пойызбен Қазақстанның он екі облысының: Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай, Қарағанды және Ұлытау облыстарының 91 станциясы қамтылды.
Пойызда медициналық көмекті терапевт, педиатр, кардиолог, рентгенолог, хирург/травматолог, оториноларинголог, невропатолог, стоматолог, акушер-гинеколог, уролог, офтальмолог, ультрадыбыстық диагностика дәрігері, сондай-ақ психолог сияқты 14 арнайы маман көрсетеді. Өткен жылмен салыстырғанда пойыз рентген аппаратымен, маммографпен, ЭЭГ, сигмоидоскоппен, калькоскоппен жабдықталған.