Елордалық дәрігерлер әйелдің миынан үлкен көлеміндегі ісікті алып тастады
Астанада Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері әйелдің миындағы алманың көлеміндей ісікті алып тастады, деп хабарлады Elorda.info.
Пациент Ұлттық нейрохирургия орталығына консультациялық көмек сұрап Қостанай облысынан келген. Әйел сол жақ аяқтарының әлсіздігіне және қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне, сондай-ақ конвульсиялық шабуылдарға шағымданды.
ҰНО мамандары науқаста неврологиялық бұзылулар барын анықтады, содан кейін мидың МРТ диагностикасын жүргізді. МРТ мидың оң жақ жарты шарының маңдай-төбе бөлігінде диаметрі 10*9,5*10 см болатын үлкен ісік өсіндісінің бар екендігін көрсетті. Ісіктің ұлғаюы мүгедектікке әкелуі мүмкін еді.
Науқастың клиникалық жағдайы ҰНО дәрігерлерінің консилиумында талқыланды. Ауру дамуын ескере отырып, үлкен көлемдегі конвекситальды менингиоманы микрохирургиялық жолмен алып тастау туралы шешім қабылданды.
Отаны науқасқа ми патологиялары нейрохирургиясы бөлімшесінің дәрігерлері жасады. Нейрохирург-дәрігер Мұратбек Тілеубергенов атап өткендей, операцияның күрделілігіне ісіктің үлкен мөлшері әсер етті.
Ісік көлемінің үлкендігінен бөлек, ісік функционалды аймақтардың жанында, қол жеткізу қиын жерде орналасқан. Осыған байланысты әйелде аяқтың төменгі сол жақ гемипарезі және құрысулар түрінде асқынулар пайда болды. Бірақ отаның күрделілігіне қарамастан, біздің команда ісікті өмірлік маңызды орталықтардан, ми тамырларынан және сау ми тінінен толығымен алып тастады. Ота барысында нейронавигациялық жүйе, сондай-ақ флуоресцентті диагностика қолданылды. Бұл бізге күрделі анатомиялық жағдайларда да зергерлерше, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік берді, - деп атап өтті М.Тілеубергенов.
Операция сәтті өтті, дәрігерлер ісікті толығымен алып тастады және функционалды аймақтарды сақтап, неврологиялық асқынулар мен мүгедектікке жол бермеді.
Мен Лисаковскіден келдім, 44 жастамын. Ұзақ уақыт бойы мені остеохондроздан емдеді, соңғы бірнеше айда жүрісім нашарлай бастады, құлап қаламын, күнде құрысу пайда болды.
Дәрігерлер мені Ұлттық нейрохирургия орталығына жіберді. Мұнда миды МРТ және КТ сканерлеу арқылы проблемамды тез тапты – 10 см-ге жақын ісік табылды. Менің жағдайымда тек хирургиялық ота қажет болды. Дәрігерлерге толықтай сендім. Өз кезегінде, ана ретінде, науқас ретінде осы орталықтың әрбір қызметкеріне маған жасалған сәтті ота үшін алғыс айтқым келеді. Бойым сондай жеңілдеп, айқын сананы және керемет көңіл-күйді сезінемін. Бізде осындай орталық болғаны қандай жақсы, - дейді науқас Марина Коваленко.
Жыл сайын медициналық сақтандыру есебінен нейрохирургия, кардиохирургия, урология, травматология, онкология, т.б. салалары бойынша жүздеген құны қымбат операциялар жасалуда. Осындай бір ғана күрделі отаның құны орта есеппен бірнеше миллион тұруы мүмкін.