00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда емханаларында қосымша жедел медициналық көмек бөлімшелері ашылады

Елорда емханаларында қосымша жедел медициналық көмек бөлімшелері ашылады
Фото: Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан

Бұл туралы қалалық МСАК директорларының қатысуымен өткен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында өткен кеңесте айтылды, деп хабарлады Elorda.info.

Қалалық №4, №5 және №10 емханаларда жыл басынан жедел медициналық көмек бөлімшелері іске қосылды. Негізгі мақсат – стационардағы дәрігерлер жүктемесін азайту және шұғыл алғашқы көмек қолжетімділігін арттыру.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың басшылығымен елордалық медицинаны дамыту мәселелері бойынша жиналыс өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе тағы да қосымша жедел медициналық жәрдем бөлімін ашу болды.

Басқарма басшысының айтуынша, мұндай бөлімшелердің көмегімен учаскелік дәрігерді үйге шақырулар саны азайып, емханада пациенттерді қабылдау уақыты артады.

Пациенттер аурухананың қабылдау бөліміне күш түсірмей, бірден емханада алғашқы көмек маманының қабылдауына келе алады. Ал стационарда ауруханаға жатқызуды нақты қажет ететін белгілі бір контингентке көмек көрсетіледі. Яғни шын мәнісінде көмекке мұқтаж ауыр деңгейдегі науқастар стационарда көп күтпейді. №4, №5 және №10 қалалық емханаларда ашылған пилоттық жоба жақсы нәтиже көрсетті, - деді Тимур Мұратов.

Айта кету керек, егер бұрын шамадан тыс жүктеме салдарынан учаскелік дәрігердің қабылдауына жазылу мүмкін болмаса, қазір пациенттер сол күні шұғыл түрде жедел жәрдем дәрігеріне қаралады.

Мұндай бөлімшелерді енді тағы бірнеше емханада ашу жоспарда тұр. Біздің мақсатымыз – медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және уақытылы шұғыл көмек көрсетуді қамтамасыз ету, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Сондай-ақ, жиналыс «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалының төрағасы Сансызбай Есілов егде жастағы адамдарға медициналық көмек көрсету мәселесін қозғады. Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы 60 жастан асқан адамдарға қолжетімді және сапалы көмек көрсету үшін геронтологиялық кабинеттер ашуды ұсынды.