Дәрі-дәрмек 11,4%-ға қымбаттады
3 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Өнерхан
2023 жылғы қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 72,7 млрд теңгенің дәрісі өндірілді. Өткен жылғы жарты жылда өндіріс көлемі бұдан 0,9%-ға артық болған (73,3 млрд тг), деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында фармацевтикалық препараттар өндірісінің көлемі 5,3 млрд теңгені құрап отыр, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36%-ға аз. (2022 жылғы қаңтар-маусым – 8,2 млрд тг).
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісімен 12 кәсіпорын айналысады.
Сондай-ақ, өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 2023 жылдың маусым айында фармацевтика препараттары 11,4% қымбаттаған.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елорда емханаларында Face ID көмегімен пациенттерді қабылдау жүргізіліп жатыр
21 қараша, 2024
Сіз дұрыс тамақтанып жүрсіз бе
20 қараша, 2024
Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
13 қараша, 2024
Енді Алматыда балалардың күрделі көз аурулары лазердің көмегімен емделетін болады