Астанада жаңа перинаталдық орталық салынады
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жобаны Астана қаласы Сарыарқа ауданында Ш.Қосшығұлұлы мен Ақан сері көшелерінің қиылысында іске асыру жоспарлануда.
Перинаталдық орталықтың құрылысы 2 кезеңге бөлінген.
1-кезең негізгі ғимараттың іргетасы мен қаңқасын жобалау мен салуды қамтиды, мәжіліс залы, әкімшілік және микробиологиялық зертхана ғимараты бар.
2-ші кезеңде қосалқы ғимараттар мен құрылыстардың конструктивтік шешімдерін (автомобильдерге арналған гаражы бар техникалық блок, БӨП, медициналық газдар ғимараттары, ТП), сәулеттік шешімдерді, негізгі және қосалқы ғимараттар мен құрылыстарды, технологиялық шешімдерді, ішкі инженерлік жүйелерді, сыртқы инженерлік желілерді, бас жоспарды жобалау және салу жоспарлануда, - делінген министрлік ақпаратында.
Бүгінгі таңда «Мемсараптама» РМК жобалау-сметалық құжаттаманың 1-ші кезеңіне оң қорытынды берді.
Жобаның тапсырыс берушісі «Объектілерді салу жөніндегі компания» корпоративтік қоры. Бас жобалаушы – «IT Engineering SA» фирмасының филиалы.