Астанада Орта Азиядағы онкология мәселесі талқыланады
6-8 қыркүйек күндері Астанада алғаш рет «Орталық Азия онкологиялық апталығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді, деп хабарлады Elorda.info
Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, конференцияның барысында хирургияның өзекті мәселелері бойынша Орталық Азияның, жақын және алыс шетелдердің жетекші мамандарымен тәжірибе алмасады. Сонымен қатар спутниктік симпозиумдар өткізу. Сонымен қатар отандық тәжірибеге онкологтардың халықаралық тәжірибесін кеңінен енгізу және танымал етуге бағытталған стендтік баяндамалармен танысу және талқылау жоспарлануда.
Ауқымды шараға отандық мамандардан бөлек, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, АҚШ және Оңтүстік Кореядан спикерлер қатысады.
Конференцияда келесі мәселелерді талқылау жоспарланған: денсаулық сақтау және медициналық құқық, радиациялық онкология және ядролық медицина, онкологиядағы дәрілік терапияға дербестендірілген тәсілдер, онкологиялық науқастарға паллиативтік және қолдаушы көмек, онкологиядағы қарқынды және ноцицептивтік терапия ,әртүрлі локализациядағы ісіктерді емдеудегі хирургиялық тәсілдерді оңтайландыру (сүт безі обыры, онкогинекология, онкохирургия, онкоурология, онкогепатология), онкологиядағы мейіргер ісінің үштігі: практика, білім және ғылым,- делінген ақпаратта.
Ұйымдастырушылар - Ұлттық ғылыми онкология орталығы, «Онколог-хирургтар қоғамы» ҚБ.
Іс-шара ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өтеді.
Конференция гибридті режимде (off-line алаң on-line іс-шара платформасы), қатысу форматы күндізгі (баяндама, постерлік баяндама), сырттай (тезистерді жариялау), трансляция тілі - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.
Конференцияның барлық күндері медициналық техниканы, дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруші жетекші фирмалардың көрмесі жұмыс істейтін болады.