00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада хирургтар идеяларын коммерцияландыру орталығы ашылады

2 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Астанада хирургтар идеяларын коммерцияландыру орталығы ашылады
Фото: Сұлтан Сейіт

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Орталық 2025 жылдың ақпанында ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар холдинг коронарлық стенттер мен баллондар шығарумен айналысады.

«Біз миокард инфарктісі мен жүректің ишемиялық ауруын емдеуге көмектесетін арнайы катетерлер шығарамыз. Өте күрделі технология, Орталық Азия аумағында теңдесі жоқ.

Қазіргі уақытта біз стенттеу бойынша операциялық бөлмелері бар барлық клиникаларға жеткіземіз. Орталық Азия мен Моңғолия сынды 7 елге экспорттауды жоспарлап отырмыз. Қазір бізбен 27 емхана жұмыс істеп жатыр. Технологияны Испания тарапы технологиялар трансферті шарты бойынша берді. Біз локализацияны 3 кезеңге бөлдік, қазір бізде өндірістің бірінші кезеңі жүріп жатыр. Ақпан айында хирургтардың идеяларын коммерцияландыру орталығын ашамыз.

Бізде өте талантты дәрігерлер бар. Олардың идеяларын бірқатар клиникалық сынақтар арқылы прототипке жеткізгіміз келеді», - деді медициналық технологияларды енгізу және жасаумен айналысатын қазақстандық холдинг басшысы Сейітжан Сыпабеков.