00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада эпидемиологиялық жағдай тұрақты

24 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада эпидемиологиялық жағдай тұрақты
фото: Астана қаласы әкімдігінен

«Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және қабылданып жатқан алдын алу шаралары» туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сарқыт Бейсенова брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info

Осы жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша елордада инфекциялық, паразиттік, карантиндік және аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланады.

Бүгінгі күні тырысқақ, іш сүзегі, ботулизм, қызамық, дифтерия, листериоз, сібір жарасы, қышыма және т.б. сияқты жұқпалы аурулар тіркелмеген. 

Санитариялық қызмет тұрақты негізде жүргізетін жұқпалы аурулар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың арқасында 8 нозология бойынша жағдайлардың төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді, мысалы: сальмонеллез 42%-ға, жедел ішек инфекциясы 5%-ға, скарлатина 56%-ға, бактериялық менингит 36%-ға, серозды менингит 14%-ға, желшешек 40%-ға, энтеробиоз 24%-ға және педикулез 44%-ға төмендеді. Сондай-ақ, 4 аурудың көрсеткіштерін өткен жылдың ұқсас кезеңінің деңгейі сияқты ұстап қала алдық, олар: туберкулез, эпидпаротит, В және С гепатиттері, - деді С.Бейсенова.

Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, бірқатар инфекция бойынша сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, олар: вирустық А гепатиті және менингококк инфекциясы 6 есеге, қызылша 17 жағдайға өскен.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда коронавирустық инфекция бойынша сырқаттанушылық көрсеткіші 33,8 есе төмендеді. Қазіргі уақытта тәулігіне 5-тен 20-ға дейін жағдай тіркеледі, ауру ересектер арасында да, балалар арасында да байқалады.