00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыда АИТВ жұқтырған үш науқаспен байланыста болған 593 адам тексеріліп жатыр

20 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыда АИТВ жұқтырған үш науқаспен байланыста болған 593 адам тексеріліп жатыр
коллаж Elorda.info

Алматы қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында емделіп жатқан 3 пациенттің АИТВ жұқтырғанын анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті орталық аппаратының және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің және олардың аумақтық бөлімшелерінің мамандары, сондай-ақ бейінді мамандар енгізілген комиссия 14 маусымнан бастап осы оқиғаны тексеріп жатыр. 

Тексеру шеңберінде пациенттердің бағыты белгіленеді, ОКҚА-да көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасы және пациенттер емдеуге жатқызылған бөлімшелерде медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың профилактикасы бойынша инфекциялық бақылаудың сақталу мониторингі бағаланады.

Тексеру барысында барлық пациенттер 2023 жылдың сәуір айында ОКҚА-ның бірнеше бөлімшелерінде медициналық көмек алғаны анықталды.

Қазіргі уақытта пациенттердің маршрутын ескере отырып, байланыс шеңбері белгіленіп жатыр. 

Бүгінгі таңда байланыста болған 593 адамнан АИТВ-ға тексеру үшін материал алынды, оның 419-ы теріс, қалған 174-і жұмыста.

Денсаулық сақтау министрлігі істерді тексеру барысын ерекше бақылауда ұстайды және бұл туралы жұртшылықты үнемі хабардар етіп отырады, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы орталық клиникалық ауруханасында жатқан үш науқастан АИТВ анықталғанын хабарлаған едік.