«Операция былтыр жоспарланған»: Дәрігер Назарбаевқа жасалған ота туралы айтты
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы хирургия бөлімінің директоры Юрий Пя Нұрсұлтан Назарбаевқа жасалған ота туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Операция былтыр жоспарланған болатын. Оның бос болмауына байланысты оған ыңғайлы кезде өткізуді шештік. Бүгін операция жасауды ұйғардық. (...)
Әрбір адам ақпаратты жарияламауға құқылы. Бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы ерекше тұлға болғандықтан, сұрақтардың бір бөлігіне жауап бере аламыз. Бүгін болған нәрсе - жоспарланған операция. Ол сәтті өтті. Бізде мақтануға тұрарлықтай нәрселер бар. Ел медицинасына деген сенім азаматтарда ғана емес, ел басшылығында да бар", - деді ол Кардиохирургия орталығында өткен брифингте.
Оқи отырыңыз: Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды
Дәрігердің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы жақсы. Жақын арада шығарылады.
Операция шамамен 2,5 сағатқа созылды, - деді ол.