Соңғы аптада коронавируспен сырқаттанушылық 21%-ға артқан
Елімізде қараша айының басынан бастап коронавируспен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, тәулігіне КВИ+ 235 және КВИ- 40 жағдайы тіркелуде.
Соңғы аптада сырқаттанушылық 21%-ға артқан (аптасына 1 001 жағдайдан 1 283-ке дейін).
Бүгінгі таңда барлық өңірлер – «жасыл» аймақта. Сонымен қатар 15 өңірде R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл - инфекцияның таралуының өсуінің белгісі. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес R көрсеткіші 1-ден жоғары болса, қоғамдық орындарда бетперде тағу ұсынылады, - деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Вице-премьер Алтай Көлгінов мемлекеттік органдардың басшыларына, әкімдіктерге халықты вакциналау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.