00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Маман тұмау кезінде қандай тағамдар жеуге болмайтынын айтты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Маман тұмау кезінде қандай тағамдар жеуге болмайтынын айтты

Диетолог Михаил Гинзбург тұмауратқан кезде ас мәзірінен тәттілерді, қуырылған ет, салқын сүт пен балмұздақты алып тастау керек екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Диетологтың айтуынша, суық тиген кезде қуырылған еттен бас тарту керек.

Адам, әрине, оны жегеннен қайтыс болып кетпейді, бірақ ол тұмау кезінде ауыр тағам болып есептеледі. Салқындатылған тағамдар, балмұздақ жеудің, салқын сүт ішудің қажеті жоқ, - деді дәрігер.

Оның айтуынша, ауыр тамақ ауру және әлсіреген денеге ауыртпалық түсіреді, соның салдарынан инфекциямен күресуге күш қалмайды. Салқын және қант қосылған тағамдар тұмауды күшейте түседі.

Гинзбург сырқаттанған кезде жеңіл тамақ жеуге кеңес берді: ол жақсы сіңеді және денсаулықты қалпына келтіруге ықпал етеді. Сонымен қатар мәзірде жұмыртқа, жарма, жеміс-жидектер, сондай-ақ тәтті жеміс сусындары болуы керек.