00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазіргі кезде тұмауға ұқсас басқа да вирустар таралып жатыр – ДСМ

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазіргі кезде тұмауға ұқсас басқа да вирустар таралып жатыр – ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағында тұмау, ЖРВИ-дан басқа да вирус түрлерінің таралып жатқанын ескертті, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-сілтеме жасап.

Қазақстанда тұмаудан басқа оған ұқсас вирустар таралуда. Тұмауға ұқсас инфекциялар бойынша 2292 сынама алынды. Оның ішінде 341 сынама немесе 14,8 пайызы оң нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, риновирус – 124, РС вирус – 97, парагрипп – 35, коронавирус – 32, аденовирус – 32, бокавирус – 15 және метапневмовирус – 6, - деді ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова ОКҚ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, кез келген вирустық инфекцияны жұқтыру кезінде катаральдық белгілер басым болады.

Мұрыннан су ағып, тамақ ауырады. Сол сияқты катаральдық белгілермен бірге температура көтеріледі, - дейді ол.

Сондай-ақ маман аурудың алдын алу үшін профилактика шараларын сақтауды ұсынды:

- адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық жерлерге баруды шектеу;

-бөлмелерді желдету, антисептикалық құралдарды пайдаланып, дезинфекциялық режимді күшейту;

- қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдалану;

- науқас адамдармен байланысты шектеу, оларды оқшаулау;

- ауырғандардың 80%-ы балалар екенін ескере отырып, тұмау мен ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдырып, мектепке жібермеген жөн;

- медициналық көмекке уақтылы жүгіну керек.