00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

1 айда 800 мыңға жуық қазақстандық ЖРВИ жұқтырған

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
1 айда 800 мыңға жуық қазақстандық ЖРВИ жұқтырған

Биыл 1 қазаннан бастап елімізде 764 247 ЖРВИ және 521 тұмауға ұшырау жағдайы тіркелді, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Елімізде ЖРВИ және тұмаудың таралуын мониторингілеу жыл сайын 1 қазаннан басталып, келесі жылдың 30 сәуіріне дейін жүргізіледі. Биыл эпидемиялық маусым басталғалы 764 247 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Өткен жылы да көрсеткіш осы деңгейде болған. Ал, тұмау бойынша ел көлемінде 521 зертханалық тұрғыдан расталған жағдай тіркелді. Таралу жағынан өңірлерге келсек, Қызылорда облысы – 128, Жетісу облысы – 84, Ақтөбе облысы – 69 жағдаймен үштікте тұр, - деді Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, ел көлемінде тұмаудан басқа, оған ұқсас вирустар да таралып жатыр.

Тұмауға ұқсас инфекциялар бойынша 1 202 сынама тексерілді. Оның ішінде 254 сынама (21,1%) расталды. Вирустарға келсек, риновирус – 93, РС вирус – 77, парагрипп – 31, коронавирус – 20, аденовирус – 17, бокавирус – 10, метапневмовирус – 6, - дейді ол.