Елордада туберкулез жұқтырғандар көбейген
Былтыр астанада туберкулез жұқтырған 456 жағдай тіркелген. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда аурушаңдық жағдайының өскенін көрсетеді. Былтыр сырқаттанушылық деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 33,9-ды және 2020 жылы 37,7 санын құрады. Сондай-ақ 2021 жылы тыныс алу ағзаларының туберкулезіне шалдыққан 396 науқас анықталды. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде дәл осы диагнозбен 324 науқас тіркелді, - деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары.
Айта кетерлігі, әлемде жыл сайын 24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай 23 ақпаннан бастап туберкулездің алдын алу айлығы өткізіледі.
Айлық шеңберіндегі іс-шаралар профилактикалық тексеруден уақтылы өтудің маңыздылығы туралы халықтың хабарын арттыруға, республиканың әрбір азаматының денсаулығын сақтау және нығайту үшін жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Мәліметтерге тоқталып өтсек, 2021 жылдың ағымдағы кезеңінде туберкулезбен ауырған 25 науқас қайтыс болды. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде 20 адам қайтыс болды. Осы кезекте, өлім-жітімнің 0,4%-ға артқаны байқалады, - деді Жанна Пірәлиева.