00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық қыз-келіншектер онкогинекологқа тегін тексеріле алады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық қыз-келіншектер онкогинекологқа тегін тексеріле алады

Акция жатыр мойыны обыры дамуының негізгі себебі болатын адамның папиллома вирусымен күресудің Дүниежүзілік күні аясында өткізіледі.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - жатыр мойыны обырының алдын алу және ерте анықтау, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

Ашық есік күні кезінде барлық тілек білдірушілер онкогинеколог дәрігерінен тегін кеңес ала алады. Көрсеткіштерге сәйкес дәрігер онкоцитологияға жағынды алып, кіші жамбасты ультрадыбыстық зерттеу тағайындайды, оның нәтижелері бойынша сіз дәрігердің ұсыныстарын аласыз, – делінген таратылған ақпаратта.

Сапалы және уақытылы кеңес алу және эпидемияға қарсы шараларды сақтау үшін тиісті ережелер сақталады. Дәрігердің қабылдауына алдын-ала жазылып, уақыты белгіленеді.

Айта кетейік, ЖРВИ белгілері бар адамдар Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығына жіберілмейді.