19 ақпаннан бастап қандай шектеулер күшіне енеді
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
19 ақпаннан бастап келесі шектеулер күшіне енеді:
- Бейтарап «көк» мәртебесі бар келушілер үшін «қызыл» аймақтағы көп адам жиналатын орындарға - СОО, сауда үйлері мен сауда желілеріне, көрмелерге, караоке, түнгі клубтарға, спорт кешендеріне, бассейндерге, спорттық іс-шаралар мен марафондарға, сауықтыру және діни объектілерге, ойын клубтарына, казиноларға барған кезде, сондай-ақ үй-жайларды 70 пайызға дейін толтырған кезде салтанатты, естелік, ойын-сауық және өзге де іс-шараларға шектеулер алынды.
- Қызметтің барлық түрі үшін «сары» аймақтағы шектеулер алынды.
- Ауру белгілері болмаған жағдайда байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау жойылды.
- Pfizer вакцинасын қолдану арқылы вакцинациялауға жататын адамдардың тізімі кеңейтілді: бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар және вакцинаның бірінші дозасын шетелде алған адамдар бастапқы курсты аяқтай алады.
- Pfizer вакцинасын қолданып, қайта вакцинациялауға жататын адамдардың тізімі кеңейтілді: бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елорда емханаларында Face ID көмегімен пациенттерді қабылдау жүргізіліп жатыр
21 қараша, 2024
Сіз дұрыс тамақтанып жүрсіз бе
20 қараша, 2024
Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
13 қараша, 2024
Енді Алматыда балалардың күрделі көз аурулары лазердің көмегімен емделетін болады