00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда 190 мыңнан астам адам онкологиялық аурумен ауырады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда 190 мыңнан астам адам онкологиялық аурумен ауырады

Жыл сайын елімізде қатерлі ісіктің 36 мыңға жуық жаңа оқиғалар тіркеледі. Бүгінгі таңда диспансерлік есепте 190 мыңнан астам қазақстандық тұр. Жыл сайын онкологиялық аурулардан шамамен 14 мың адам көз жұмады. 

Елімізде қатерлі ісіктің ең көп тараған түрлеріне сүт безі обыры, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры және колоректалды обыр жатады.

Республика бойынша жатыр мойны обырын, сүт безі қатерлі ісігін және тік ішектің қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша ұлттық скринингтік бағдарламалар жүргізіледі. Қазақстан азаматтарына онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді және мемлекеттік бюджеттен толығымен қамтылған, - деп атап өтті институт өкілі. 

Еске сала кетейік, бүгін, яғни 4 ақпан – Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні.