Жаңа оқу жылында 30 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады

Фото: Оқу-ағарту министрлігінен
2025-2026 оқу жылында Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы 30 980 педагогке арналған курс ұйымдастырады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бағдарламалар бастауыш сыныптан бастап, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерін қамтиды.
Сондай-ақ тыңдаушылардың бір бөлігі инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық құзыреттілікке қатысты курстардан өтеді.
Жыл басынан бері мұндай курстарға 39 мыңнан астам мұғалім қатысты. Олардың ішінде ауыл мектептері педагогтерінің үлесі айтарлықтай басым – 56%.
Ұқсас жаңалықтар

5 қазан, 2025
Жұлдыз Сүлейменова: Мұғалімнің мәртебесі мен біліктілігін арттыру - басты міндет

5 қазан, 2025
Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады

5 қазан, 2025
«Дарынсыз бала болмайды, оны аша білу қажет» – астаналық мұғалім

3 қазан, 2025
Мектептерде қанша «Еңбек Ері» атағын алған ұстаз қызмет етеді